Шахтинск қаласының 32 жастағы тұрғыны жүк пойызының астына түсіп қаза тапты. Ер адам бес жұмысшы қайтыс болған шахтада жұмыс істеген.
Қарағанды облысындағы Қарабас станциясында жүк пойызы Шахтинск қаласының тұрғыны 32 жастағы ер адамды қағып кетті.
Қаза тапқан ер адам Ленин атындағы шахтада кенші болып жұмыс істеген, онда 3 қарашада бес шахтер өмірін қиған қайғылы оқиға орын алған. Шахтадағы жұмыс бір айға тоқтатылды. Шахтерлердің көбісін ақылы демалысқа жіберілді, оның арасында жүк пойызы қағып кеткен ер адам бар.
Бірнеше күн бұрын оның туған ағасы Алматыға шақырған, себебі ол да басқа шахтерлер сияқты шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты алаңдаулы болған.
11 қарашада түскі сағат 15:00-де кенші ағасына қоңырау шалып, пойызға мініп, Алматыға бара жатқанын айтты.
«Ал 40 минуттан кейін оны жүк пойызы қағып кеткен. Ол жолаушылар пойызынан шығып, Қарабас станциясындағы темір жолда қалацша жалғыз қалған? Жүк пойызы жақындағандағанда өзі рельске секрді ме, әлде оған біреу итеріп жіберді ме? Полицейлер мен туысқандары осы сұрақтың жауабын іздеп отырмыз», — дейді марқұм болған шахтердің туған ағасы.
Ер адамның артында әйелі мен 3 жасар баласы қалды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Аталған факті бойынша көлік полициясы «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды көлік полициясы.