Соңғы мәліметтерге сәйкес тамыздың 14-і күні коронавирустық инфекциямен тәулігіне тағы 284 мың адам ауырған.Ең қиын жағдай АҚШ пен Бразилияда орын алуда . Билік пен медицина қызметкерлері аурудың көбеюіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолданады.
Коронавирустың таралу ауқымы бойынша АҚШ көш бастап тұр — онда ауру жұқтырғандар саны 5,2 миллионнан асты.
14 тамызда таңертеңгі мәліметерге сәйкес әлемде 20 840 381 адам коронавирус жұқтырған (тәулігіне + 284 мың адам). Бұл туралы аурудың таралуын бақылайтын американдық Джонс Хопкинс университетінің деректері жариялады.
754 566 адам (тәулігіне +6 мың адам) құрбан болды, 12 936 478 адам емделіп шықты.
Вирустың таралу ауқымы бойынша АҚШ көш бастап тұр — жұқтырғандар саны 5 248 722-ге жетті. Оның ішінде 167 106 адам қайтыс болып, 1 774 648 адам емделіп шықты.
Бразилияда 3 224 876 адам ауырған. Оның ішінде 105 463 қайтыс болып және 2 521 100 емделіп шықты.
Үндістанда 2 396 637 адам жұқтырып, 47 033 адам қайтыс болды.
Төртінші және бесінші орында Ресей және ОАР: 905 762 адам ауру жұқтырып, 15 353 қайтыс болған және 572 865 науқас және 11 270 адам қаза тапты.
Мексикада ауру жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты. Өлім жағдайы бойынша ел үшінші орында тұр (55 293).
Перу мен Колумбияда коронавирусты 400 мыңнан астам адам жұқтырған.
Коронавирустық инфекцияның таралуы 2019 жылдың соңында Қытайда басталған. 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты «пандемия» деп жариялады.
Өткен тәулік ішінде Украинада коронавирус инфекциясы 1592 адамда анықталды — бұл елдегі індеттің бүкіл кезеңіндегі жаңа антирекорд. Украинада COVID-19 науқастарының жалпы саны 86 140-қа жетті, 1992 пациент қайтыс болып, 46 216 адам сауығып шықты.