Әлемдік көшбасшылар Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш Президент күнімен құттықтауда

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс және жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен құттықтау жеделхаттары мен қоңыраулар келіп түсті.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев:

«Тұңғыш Президент күні – көпұлтты Қазақстан халқының тарихи таңдауы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлт бірлігі мен келісімінің ерекше символы. Сіз ұзақ жыл бойы елдің көшбасшысы, барлық саладағы тиімді реформалардың және тәуелсіз Қазақстанның ғаламат жетістіктерінің негізін қалаушы, әлемдік қоғамдастық мойындаған жаһандық бастамалардың авторы, тәжірибелі әрі танымал саясаткер, халқына және туған жеріне қызмет етуді өзінің қастерлі парызы санайтын білікті басшы ретінде көпшілікке танылып, үлкен құрметке ие болдыңыз».

АҚШ-тың 66-шы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс:

«АҚШ-тың тұңғыш Президенті Джордж Вашингтон американдық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз өзңіздің керемет еліңіз — Қазақстан үшін дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы тұрғызу сияқты Сіздің шешімдеріңізден бастап биліктің бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел».

Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл:

«Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Мен қазақ халқының жарқын болашағы бар екеніне сенімдімін. Қазақстан түркі әлемінде ерекше орын алады. Қазақ-түрік қарым-қатынасына өркендей беруіне тілектеспін».

Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэр:

«Елдің табысы мен тұрақтылығы Президент Назарбаевтың көшбасшылығымен байланысты. Қазақстан болашақта күтіп отырған барлық сын-қатерлер мен реформаларға қарамастан, қазіргі таңда ел болашаққа нық сеніммен қарай алады».

2012 жылдан бастап Қазақстанда 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың дүр жетістіктерін тану мақсатымен Тұңғыш Президент күні атап өтіледі.

Добавить комментарий