Күні кеше Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Запорожье атом станциясында теракт жасауға дайындалып жатқанын хабарлады, бұл радиацияның таралуына алып келуі мүмкін. «Кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы 16 айдың ішінде әлемдік қауымдастық ресейлік басқыншы әскердің қаншалықты жауыз және адамгершілікке жатпайтын әрекетке баратытына көз жеткізді.
Сондықтан да ЗАЭС-ке теракт жасалатыны немесе жоспарланып отырғаны әбден мүмкін», — деп түсіндірді батыс саясаттанушылары Зеленскийдің сөзіне қатысты пікір білдре отырып. 6 маусымда Херсон облысындағы Днепр өзенінде орналасқан Кахов су электр станциясында жарылыс болды. Батыс баспасөзі СЭС-те болған жарылыс ресейлік әскерилердің ісі екенін хабарлады.
«Жарылыс салдарынан Херсон және Николаев облыстарындағы ондаған елді мекенді су басып қалды. Сондай-ақ, Днепропетровск және Запорожье облыстарының аумақтары да зардап шекті. Айта кету керек, аталған СЭС Ресей әскері Украина аумағына баса көктеп кірген күні-ақ басып алынды. Украина тарапының мәлімдемесі бойынша, Кахов су электр станциясының бұзылуы салдарынан туындаған жалпы экологиялық залал 1,5 млрд. доллар сомасында бағаланады.
Аталған шабуылды соңғы онжылдықтағы әлемдегі ең ірі техногендік апат десек болады», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Олар сондай-ақ бөгетті жару — террорлық шабуыл екенін атап өтіп, Ресей армиясы жасаған зымыран атқылауын лаңкестік әрекет деп атап отыр. «Аталған теракті Ресейдің лаңкес мемлекет екенін көрсетті, ал қазіргі Ресей билігін террористік режим деп сипаттауға болады. РФ үшін теракт үйреншікті іс. Қыс бойы Ресей Украинаға қарсы жүйелі түрде зымыранмен теракті жасады — Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымы зымыран шабуылына ұшырады.
Сондай-ақ, басқыншылардың өте өрескел, адамгершілікке жатпайтын әрекетке барғанын айта кеткен жөн. РФ әскері су басқан аумақтардан адамдарды, соның ішінде балалар мен жануарларды эвакуацияламақ болған құтқарушыларға жүйелі түрде атқылап, құтқару операцияларын жүргізуге мүмкіндік бермеді. Адамдар тәулік бойы тамақ пен сусыз қалып, көмек келуін күтті», — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар.
Сондай-ақ, Донецк облысындағы Мокрые Ялы өзеніндегі бөгеттің жарылып, соның салдарынан өзеннің екі жағалауын су басты. Батыстық мамандардың пікірінше, жарылысты РФ әскері жасаған. «Аталған терактілердің мақсаты Украина Қарулы Күштерінің шабуылдау қимылдарын тежеу болып табылады». Соңғы оқиғалар Ресейді терроризмге демеуші жасаушы мемлекет деп таныған елдер мен халықаралық ұйымдар дұрыс шешім қабылдағанын көрсетеді. Қалған мемлекеттер олардан үлгі алуы керек.
Бұл ретте әлемдік қауымдастық ресейлік басқыншылар кезекті техногендік апат жасауына жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдағаны жөн, — деп қорытындылап отыр саясаттанушылар. Ресей тарапы лаңкестік шабуыл жасау туралы шешім қабылдаса, бұл тек Украина үшін ғана емес, басқа да көптеген елдер үшін де ауыр зардаптарға алып келеді.