Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанған науқастардың саны 423,8 мың адамды құрады.
Бұл пандемия басталғаннан бергі сөзсіз рекорд. Әлемдегі алғашқы науқасты анықтағаннан бері барлығы 41, 104 млн-нан астам адам COVID-19 жұқтырған.
Осының алдында тәулік ішінде жұқтырудың ең көп саны 17 қазанда тіркелді, сол кезде коронавирусты 412,8 мың адамда анықталған.
Жаңа жағдайлардың көбі Құрама Штаттарға тиесілі болды, онда бір күнде 60 мыңнан астам ауру жұқтырғандар тіркелді. Үндістанда 55 мыңнан астам, Ұлыбританияда — 26 мыңнан астам, Францияда — 25 мыңнан астам жаңа оқиға анықталды. Бразилияда тәуліктік жұқтыру саны — 23 мың болса, Аргентинада — 18 мың.
ДДСҰ мәліметінше, коронавирус пандемиясы басталғалы әлемде 41,104 миллионнан астам COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді, 1,128 миллионнан астам адам қайтыс болды.