Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем COVID-19 жұқтыру бойынша ауру шыңына жеткенін мәлімдеді.
Апта сайын 4,4-4,5 миллион жағдай тіркеледі, шамамен 67-68 мың адам қайтыс болады.
Әлемдегі коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы мәлімдеді.
«Біз әлемдегі жағдай бойынша ауру шыңында тұрмыз, бұл шың жоғары деңгейде. Осылайша, әр апта сайын 4,4-4,5 миллионға жуық жағдай тіркеледі, бұл шын мәнінде бүкіл әлемдегі нақты жағдайлардың санынан әлдеқайда аз көрсеткіш», — деді ДДСҰ өкілі брифинг барысында.
Ұйымның мәліметінше, әлемде коронавирустан апта сайын 67-68 мың адам қайтыс болады.
ДДСҰ өкілі Оңтүстік және Солтүстік Америкада COVID-19 жұқтыру және өлім-жітім жағдайларының артқаны байқалатынын атап өтті. Сонымен қатар Еуропада анықталған жағдайлардың саны азайып, керісінше, өлім көрсеткіші жоғары деңгейде.