Аккумуляторлық электромобильдер мен гибрид көліктердің сатылымы былтырғы қарашамен салыстырғанда биыл қарашада 20%-ға өсіп, 1,4 млн автокөлікке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі Rho Motion бейінді талдау компаниясының деректеріне сілтеме жасай отырып жазады.
Бұл әлемде бір ай ішіндегі электромобиль сатылымының ең жоғары көрсеткіші.
Жаһандық сатылымда толығымен электрлі автомобильдердің үлесі 70%, гибридтер — 30%.
Қытайда сатылым 25%-ға, АҚШ пен Канадада 43%-ға өсті, ал Еуропада 3%-ға төмендеді.
Еуропада сатылымның төмендеуі Германия мен Францияда электромобиль өндірушілерге мемлекеттік субсидиялардың қысқаруына байланысты. Сондай-ақ Еуроодақтың арзан бағадағы қытайлық электромобильдерге қарсы салған шектеу шаралары әсер етті.
Rho Motion болжамы бойынша, Еуропадағы сатылымның салыстырмалы түрде төмен динамикасы өндірушілер нарыққа неғұрлым арзан модельдер шығарғанға дейін біраз уақытқа жалғасады.