Әлем бойынша атом энергетикасына белсенді түрде көшіп жатыр

Әлемде энергия тапшылығының орнын толтыру үшін атом электр стансаларына көшіп жатыр.

Қазір 442 реакторжұмыс істеп тұр, жақын арада 50 реактор қосылады.

Әлемдегі және Қазақстандағы атом энергетикасы

Әлемде энергетикалық нарықт төмен көміртекті энергетикаға белсенді түрде көшіп жатыр. Жаһанда атом электр стансасы (АЭС) зор маңызға ие. Қазірдің өзінде әлемде электр энергиясының шамамен 10%-ын 442 ядролық энергетикалық реакторлар өндіреді. Алдағы уақытта тағы 50-ге жуық реактор салынады, бұл қолданыстағы қуаттың шамамен 15%-ына тең. Реакторлар саны жылдан жылға артып келеді.

Әлемдегі электр энергиясының әрбір үшінші киловаты АЭС-те өндіріледі

2020 жылы ядролық реакторлар шығарындысы төмен 2553,2 ТВт/сағат электр энергиясын өндірді. Бұл әлемдегі электр энергиясының әрбір үшінші киловаты атом электр станциясында өндірілетінін көрсетеді.

Таяуда Глазгода өткен СОР26 саммитте Еуропалық Одақтың 10 елі атом энергетикасын Еуропалық комиссия әзірлеген қоршаған ортаға зиянды азайтуға ықпал ететін салалар тізіміне қосуды ұсынды. Бұл бастаманы Франция, Финляндия, Польша көтерді. Аталған мемлекеттер атом электр станциясына салынған инвестицияны «жасыл» қаржыландыру ережелеріне сәйкес реттеу керек деп санайды.

Егер белгіленген қуатты 1000 МВт ластаушы заттар шығарындыларының көлемін салыстыратын болсақ, онда газ ЖЭС-тегі жылдық жиынтық шығарындылар (күкіртті газ, азот оксиді, көміртегі оксиді және күл шаңы) 13 000 тоннаны, көмір ЖЭС-терінде — 165 000 тоннаны құрайды. АЭС-ке мұндай шығарындылар мүлдем жоқ. Белгіленген қуаты 1000 МВт көмірқышқыл газының шығарындылары газ ЖЭС-те жылына 3 800 000 тонна, көмір шығарындылары — жылына 7 000 000 тоннаны құрайды. АЭС-те мұндай шығарындылар жоқ.

Атом энергетикасын дамыған елдер белсенді пайдаланады. Ең көп жұмыс істейтін атом реакторлары АҚШ-та (94), Францияда (56), Қытайда (50), Ресейде (38), Жапонияда (34), Оңтүстік Кореяда (24) және т.б. бар. Атом энергетикасының өндірісінің жиынтық көлеміндегі үлесі Францияда — 71%, Словакияда — 53%, Украинада — 51%, Бельгияда — 39%, Финляндияда — 34%, Швейцарияда — 33%, Швецияда — 30%, Оңтүстік Кореяда — 30%, АҚШ-та — 20%, Канадада — 15% құрайды.

Добавить комментарий