Лавровтың әйелі мен Путиннің ересек балалары санкцияға ұшырады

Вашингтон Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің ересек балаларына және Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызына қарсы санкция салды.

Сонымен қатар, санкциялық тізімге Ресей Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше мүшесі енді.

Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге арналған арнайы телефон брифингінде америкалық жоғары дәрежелі әкімшілік өкілі хабарлады.

«Бүгін біз Путиннің ересек балаларына, министр Лавровтың әйелі мен оның қызына, сондай-ақ Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне санкция саламыз», — деді ол.

Добавить комментарий