Латвия Сеймі тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін елдің жаңа үкіметін бекітетінін жариялады.
Бұл туралы Delfi басылымы хабарлады
Үкіметтік коалиция құрамында «Жаңа бірлік», «Біріккен тізім» және «Ұлттық бірлестік» бар. Олар Сеймдегі 100 мандаттың 54-іне ие.
Жаңа үкіметті бекітуге 54 коалициялық депутат қолдап дауыс берді, 37 оппозициялық депутат қарсы дауыс берді.
Сайлау және келіссөздер қорытындысы бойынша лауазымын сақтап қалған Премьер Кришьянис Каринь ел экономикасындағы трансформация үкімет үшін басты басымдық деп атады.
Бұған дейін хабарланғандай, жаңа үкіметте сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс те қызметінде қалды, ол Кариньшпен бірге «Жаңа бірлік» партиясының мүшесі .
Еске сала кетейік, Латвияда 1 қазанда өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша консервативті және либералды күштер жеңіске жетті. Өткен сайлауда 20%-ға жуық нәтижемен бірінші орында болған ресейшіл «Келісім» партиясы Сеймге өте алмады.