Латвия РФ-мен мәдениет саласындағы келісімді бұзады

Латвия билігі Ресеймен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Украинадан Ресей әскерлері шығарылып, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігі толығымен қалпына келтірілгенге дейінкелісімді бұзу туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Латвия билігі Ресеймен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы сейсенбі күні Delfi порталы хабарлайды.

«Біз ресейлік әскерлер Украинадан шығарылып, Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігі толығымен қалпына келтірілгенге дейін ынтымақтастықты уақытша тоқтатамыз», — деп мәлімдеді Балтық республикасының мәдениет министрі Наурис Пунтулис.

Латвия Мәдениет министрлігі Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Лита Кокале 2002 жылы екі елдің мәдениет министрліктері арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім төтенше жағдайда бұзылатынын атап өтті. Осылайша, ведомство мемлекетаралық келісімді үш айдан кейін мерзімінен бұрын бұзады. Ресей тарапынан қарсылық болған жағдайда келісім-шарт біржақты тәртіппен бұзылады, деп нақтылады Кокале.

 

Добавить комментарий