Латвия қорғаныс бюджетінің үштен бірін Украинаға берді

Латвия президенті соңғы екі айдың ішінде Украинаға елдің қорғаныс бюджетінің үштен бірін бергенін айтты.

«Біз Латвияда екі айдың ішінде жылдық әскери бюджетіміздің үштен бірін Украинаның әскери қуатын қолдауға бердік», — деді Латвия президенті.

Левиц НАТО-ға мүше басқа елдер Украинаға көмектес көрсетіп жатқанын және бұның мәні зор екенін айтты. Сондай-ақ ол Украинаға альянстың барлық мүшелері көмек көрсетуі қажет екенін атап өтті.

Добавить комментарий