Латвия билігі мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерден тәркіленген жиырма көлікті Украинаға беру туралы шешім қабылдады.
Латвияның Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып, LSM.LV басылымы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Украинаға автокөліктер берілетінін Латвия үкіметі қолдайтынын растады.
Латвия Ресейдің агрессиясына ұшыраған Украинаға бұрыннан қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, мас күйде көлік жүргізген жүргізушілерден тәркіленген автокөліктерді берілді.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 31 қазан күні Латвия үкіметі жалпы нарықтық құны шамамен 56 мың еуро болатын жиырма көлікті Украинаға өтеусіз негізде беру туралы шешім қабылдады. Аталған көліктер, атап айтқанда, Полтава 1-қалалық ауруханасына, Харьковтегі медициналық орталыққа, Херсонның әскери қалалық әкімшілігіне және Херсон облысындағы басқа да ұйымдарға жіберіледі.