Латвияда КСРО заманындағы әскери техниканы көпшілікке көрсеткені үшін жазалауды жоспарлап отыр. Тыйым салуды бұзғаны үшін айыппұл енгізу туралы ұсынысты Латвияның «Барлығы Латвия үшін» ұлттық бірлестігінің депутаттары жасады.
Көпшілік алдында КСРО мен нацистік Германияның әскери техникасы көрсету дегенге, мұражайлардан тыс кез келген жер кіреді, делінген Сеймның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Заң жобасын парламентке ұлттық бірлестіктің депутаттары енгізді. Сейм оны үшінші оқылымда қарайды.
«Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулердің мақсаты — КСРО заманындағы ескерткіштер мен ескерткіш белгілері ретінде қойылған постаменттегі әскери техниканы бөлшектеу», — делінген заң жобасының аннотациясында.
Бұрынғы КСРО мен нацистік Германияның әскери техникасын мұражайлардан тыс және 30 күннен астам уақыт бойы көпшілік алдына шығарғаны үшін депутаттар әкімшілік айыппұл салуды ұсынады. Жеке тұлғалар үшін — ескерту немесе 350 еуроға дейін, заңды тұлғалар үшін — ескерту немесе 2900 еуроға дейін айыппұл.