Латвия үкіметі сейсенбі күні өткен отырыста ішкі істер министрі Мария Голубеваның заңсыз мигранттар ағынына байланысты Беларусьпен арадағы шекарада төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл режим 10 қарашаға дейін күшінде болады.
«Латвия шекарасында ТЖ режимін енгізу туралы үкіметтің шешімі қабылданды. Шекараны күзету күшейтіледі», — деп хабарлады ІІМ басшысы Twitter-дегі парақшасында.
LETA жергілікті агенттігі Министрлер кабинетінің қаулысына сілтеме жасап, ТЖ режимі республиканың Лудзен, Краслав, Аугшдаугавск өлкелерінде және елдің екінші ірі қаласы Даугавпилсті қамтиды. Мемлекеттік шекаралық күзет қызметіне Латвияның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен адамдарды Беларуське дереу қайтару үшін физикалық күшін және арнайы құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Үкіметтің шешімі Ұлттық қарулы күштер (ҰҚК) мен Мемлекеттік полиция Латвия-Беларусь шекарасында шекаралық бақылауды қамтамасыз етіп, заңсыз кесіп өтудің алдын алу мақсатында Шекара күзетіне көмек көрсетуі тиіс екенін қарастырады.
Беларусь аумағынан заңсыз мигрантар Литвадан кейін Латвияға ағылып келіп жатыр. Соңғы бес күннің ішінде шекарада 283, ал жыл басынан бері 343 тәртіп бұзушы ұсталды. Латвия билігі шекараны күзету үшін күшейтілген бақылауды енгізіп, шекара күзеті мен армияның ресурстарын жұмылдырды. Премьер-министр Кришьянис Кариньс өткен аптада Беларусьпен шекарадағы инфрақұрылым құрылысын жеделдетінін мәлімдеді, ал ІІМ басшысы шекарашылар мигранттарды Беларуське қайтару үшін. шекара маңындағы ТЖ режимін енгізуді ұсынды.
Заңсыз мигранттарға қарсы күрес мақсатында Латвия бірнеше жыл бұрын Беларусьпен арадағы 173 шақырым шекараны абаттандыру, оның ішінде ұзындығы 135 шақырым бөгет тұрғызуға ниетті екенін жариялады. Жобаның құны 27,6 млн еуроға бағаланды, ал жұмысты 2021 жылы аяқтау жоспарланған, алайда Мемлекеттік бақылауда анықталған олқылықтарға байланысты құрылыс процесі тоқтап қалды. Өткен аптада республика билігі Беларусьпен шекарадағы инфрақұрылым құрылысын жеделдетінін айтқан. Тиісті шешімның жобасы ІІМ үкіметтің қарауына жолданды.