Атырау-Астраханға пойызында он үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі. Лагерьге бара жатқан бір топ бала тамақты өздері әкелген.
Нақтыланғандай, пойыз жылжығаннан кейін небәрі 1,5 сағат өткен соң баланың жағдайы нашарлаған. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша жедел әрекет етіп, Нарын станциясына жедел жәрдем шақырды. Медициналық қызметкерлер келгенде баланың көз жұмғанын анықтады.
Баланың неден қйатыс болғаны сараптама жүргізілгеннен кейін анықталатын болады. Туған-туыстары мен жақындары қара жамылып қалды, сондай-ақ лагерьге бара жатқан балаларға ауыр соққы болды.