Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші бөлімдерін біздің сайтымыздан оқыңыз.
БҰҰ өкілдері әлемде лаңкестікпен күресу қажет және күресуге болады деп санайды. Ол үшін оларға қарсы іс-қимыл стратегиясын жетілдіру қажет.
БҰҰ бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков та әріптесі Конинкс сияқты барлық қиындықтарға қарамастан терроризмді жеңуге болады және жеңу керек дегенге сенімді. Осы тұрғыда Владимир Воронков үш бағытта әрекет етуді ұсынды: террористерді анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту ісінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, терроризмнің негізгі себептерін жоюға, сондай-ақ жастарды және жеке сектор өкілдерін терроризмге қарсы күреске неғұрлым белсенді тартуға міндетті.
Мишель Конинкс терроризммен күресте «біртұтас БҰҰ» стратегиясына сүйенуге шақырды. Ол атап өткендей, бүгінде интернеттегі және басқа да виртуалды платформалардағы лаңкестердің қызметіне белсендірек бұғаттау қою, оларды қаржыландыру арналарын анықтау және жабу, сондай-ақ адам құқықтарын сақтай отырып және құқық үстемдігі қағидатын құрметтей отырып, кедей елдерге терроризммен күресуге көмектесу қажет.
Терроризм қандай да бір дінмен байланыстырылмауы тиіс
Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мәлімдеме қабылдады, онда терроризм оның барлық түрлері мен көріністерінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін елеулі қауіп-қатерлердің бірі екендігін және терроризмнің кез келген актісі қылмыс екендігін және оның себептері мен қашан жасалғандығына қарамастан ақтауға жатпайтындығын тағы да атап өтілді. Кеңес мүшелері терроризм қандай да бір дінмен, ұлтпен немесе этникалық топпен байланыстырылмауы тиіс деп мәлімдеді.