Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан оқыңыз.
Соңғы 20 жылдың ішінде терроризммен күрес айтарлықтай күрделене түсті. Ұйымдар қарудың жаңа, заманауи түрлерін және ақпараттық кеңістікті белсенді игеруде. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков та айтты.
«Бұл қатермен күрес айтарлықтай күрделене түсті. Әңгіме «жалғызбасты қасқырлар» деп аталатын, арзан және сапасы нашар технологиялық құралдарды пайдалана отырып, әлсіз қорғалған нысандарға шабуыл жасайтын қозғалыстар туралы болып отыр», — деп атап өтті Воронков.
Ол экстремистер мен лаңкестердің жаңа жағдайларға тез бейімделетінін, кибер кеңістік пен жаңа технологияларды, ұйымдасқан қылмыспен байланыстарын, сондай-ақ ұлттық нормативтік актілердегі олқылықтарды пайдаланатынын айтты. Бұл ретте ИЛИМ және басқа да террористік топтар нәсілдік, этникалық және саяси ой-пікірлердің жетегінде жүрген адамдарды өз қатарына белсенді түрде тартуда.
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және Терроризмге қарсы комитеттің атқарушы директоры Мишель Конинкс барлық күш-жігерге қарамастан, ИЛИМ жаңа өңірлер мен елдерді белсенді игеріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл террористік топтың филиалдары Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Сахель өңірінде, Чад көлі бассейні мемлекеттерінде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Африка елдерінде пайда болған.