АҚШ-тың бұрынғы барлау қызметінің басшысы Ауғанстанда не болып жатқаны және бұның қандай жағдайға душар етуі мүмкін екенін айтты. Майкл Моррелла соғыстағы тәліптердің жеңісі мен АҚШ-тың Ауғанстаннан кетуі «әлемдегі бүкіл жиһадшыларға шабыт берді» деп санайды.
Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған) «Әл-Қаида» террористік тобының жетекшісі Айман әз-Завахириге баспана беріп отыр. Жексенбі күні CBS телекомпаниясының эфирінде АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) басшысының бұрынғы м.о. Майкл Моррелл (2012-2013) осылай деп хабарлады.
CBS жүргізушісі Морреллден БҰҰ-ның осы жаздағы баяндамасында «әз-Завахири Ауғанстанда тұрады» делінген қорытындыға түсініктеме беруін сұрады. «Біз осылай деп пайымдап отырмыз, — деп жауап берді ЦРУ-дың бұрынғы басшысы. — Ал бұл «Талибанның» әз-Завахири мен «Әл-Қаидаға» баспана беретінін білдіреді.
«Менің ойымша, Ауғанстандағы тәліптердің жеңісі, содан кейін біздің елден кетуіміз (АҚШ ҚК Ауғанстаннан шығарылуы) әлемдегі бүкіл жиһадшылардың көңілінен шықты. «Талибан» АҚШ-ты ғана емес, НАТО-ны жеңгенін, әлемдегі ең қуатты әскери күшті жеңгенін мәлімдеді. Олар тойлап жатыр. Жиһадшылар тек риза болып қоймай, олардың көбі бірге тойлау үшін Ауғанстанға аттанады деп ойлаймын. Олар 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан кейін Ауғанстаннан аумағын тыс жерлерге қуылды. Біз [жиһадшылар] ағынын қайта көреміз деп болжап отырмын, бұл Ауғанстанды жер бетіндегі басқа да елдерден қауіпті ететін аспектілердің бірі», — деді Моррелл.
Ол АҚШ билігі әлемдегі терроризмге қарсы күреске көңіл бөлуді жалғастыруы керек дейді. АҚШ барлау қызметі бұрыңғы басшысының пікірінше, «Әл-Қаида» Вашингтон қажетті шаралар қабылдамаса, бір жыл ішінде Ауғанстандағы күшін қайта қалпына келтіре алады.
БҰҰ сарапшыларының сараптамалық қолдау және санкцияларды бақылау тобының баяндамасында «мүше мемлекеттердің [ұйымның] бағалауы бойынша әз-Завахири тірі, бірақ ауырып қалған және Ауғанстанда жүр» делінген.
Көктемде АҚШ әскерилерін ел аумағынан шығаратынын жариялағаннан кейін, тәліптер Ауғанстанға бақылау орнату үшін ауқымды операция бастады. 15 тамызда президент Ашраф Гани отставкаға шығып, елден кетті, артынша тәліптер соғыссыз Кабулды басып алды. 7 қыркүйекте «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид Ауғанстан үкіметінің уақытша құрамын жариялады.