Атақты кинорежиссер және сценарист Квентин Тарантино өзінің жаңа фильміне сценарийді жазып шықты, бұл оның соңғы жұмысы болуы мүмкін.
The Hollywood Reporter басылымының мәліметі бойынша, фильм «Киносыншы» деп аталады және 2023 жылдың күзінде түсіріледі. Картинаның басты кейіпкері әйел болады, ал оқиға 1970-ші жылдардың соңында Лос-Анджелесте өрбиді. Сондай-ақ, басылым жаңа фильмнің америкалық ықпалды киносыншысы Полин Кейлдің өмірі мен жұмысына арналуы мүмкін екенін атап өтті.
Дереккөздердің айтуынша, аталған фильм Тарантиноның соңғы толықметражды жобасы болуы мүмкін, ол бірнеше рет 10-нан астам картина түсірмейтінін мәлімдеген болатын. Егер «Биллді өлтіру» фильмінің екі бөлігін бір туынды деп есептесек, оның қоржынында тоғыз картина бар деген сөз.
Еске сала кетейік, Тарантино Канн фестивалінің бас жүлдесін алып келген «Криминалдық шығарма» фильмі экранға шыққаннан кейін танымал болды, бұл фильм Канн фестивалінің бас жүлдесін, ал оның сценарийі «Оскар» сыйлығын және басқа да киносыйлықтар алды. Оның шығармашылық қоржынында «Құтырған иттер», «Джеки Браун», «Күндердің бір күнінде… Голливудта» және басқалары бар.