Қала губернаторы Курскідегі аэродромда өрт шыққанын хабарлады

Ашық ақпарат көздерінде Ресей Федерациясының Курск қаласында өрт шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

«Ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы нәтижесінде Курск аэродромы маңында мұнай жинағыш өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіріліп жатыр. Барлық арнайы қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», — деді РФ Курск облысының губернаторы Роман Старовой.

Еске сала кетейік! Рязань және Саратов облыстарындағы аэродромдарда украиналық ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына байланысты өрт шықты. Тиісті мәлімдемені РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Қонашенков жасады.

Добавить комментарий