Ресейдің Курск облысындағы байланыс мұнарасына ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуыл жасағаны хабарланды.
«Белполь» кәсіпорны аумағында алапат өрт болғаны туралы хабарланды, алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың байланыс мұнарасына жасаған шабуылы себеп болды.
Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады.
«Курск облысында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Красниково ауылындағы байланыс мұнарасына шабуыл жасаған, бірақ оны жалап өтіп, «Белполь» кәсіпорнының әкімшілік ғимаратына құлаған», — делінген хабарламада.
Кейбір басылымдардың ресми расталмаған деректері бойынша, екі ғимарат өртеніп, қызыл жалын қойманы шарпыған. Өрт аумағы 1,5 мың шаршы метрге жетті.