«Курочка Ряба» бағаны 40%-ға өсірген

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу кезінде бағаны шектен тыс көтеру дерегі анықталды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі «Курочка Ряба» ЖШС өз өнімдерінің бағасы 40%-ға көтергенін хабарлады.

Анықтама! ҚР заңымен белгіленген сауда үстемесінің максималды мөлшері — 15%.

«Курочка Ряба» ЖШС — «Capital Project Ltd»–нің жалғыз дистрибьютері Нұр-Сұлтандағы 300-ден астам контрагентке тауық етін жеткізеді.

Монополияға қарсы орган заң бұзушылыққа назар аударып, әкімдікке хат жолдады. Әкімдік «Курочка Ряба» ЖШС-ге қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.

Добавить комментарий