«Крокус Сити Холл»: Теракт Кремль пропагандасының құралына айналып отыр

Кремль «Крокустағы» қайғылы оқиғаны геосаяси мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануда, қоғамдық пікірге манипуля жасап, әсіресе Украина мен АҚШ-қа қатысты өшпенділікті қоздыруда.

Бұл туралы Роберт Лансинг институты (RLI) жазады.

АҚШ Кремльдің аталған дағдарысты өз саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін түсініп, ықтимал шабуыл туралы ескерту алды.

Кремль үшін Ресейде болған теракт 1999 жылы Николай Патрушев дайындап, басшылық еткен «Рязанский сахар» авантюрасы секілді тиімді. 2023 жылғы тамызда Евгений Пригожин шығарған әскери көтерілістен кейін Патрушев президенттік міндеттердің бір бөлігін өз қолына алды. Енді «Крокус Сити Холлдағы» теракт Кремльге ақпараттық-психологиялық операциялар үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Украинаны терактіге қатысы бар деп айыптау украиндық дрондардың соққысына және Ресей еріктілер корпусының (РЕК) шекараны кесіп өтуіне жауап ретінде шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киевті халықаралық қолдаудан айыру үшін ресейлік күштер 2017 жылғы психологиялық операцияларын қайта қолға алды, сол кезде Киев билігін ИШИМ содырларына қауіпсіз пана деп айыптайтын жалған жаңалықтар таратылған еді. Бұл әрекет сәтсіз аяқталды.

Алайда ағымдағы дағдарыста Украинаның беделін түсіру және Киевке халықаралық әскери көмекті тоқтату үшін осы тақырыпты қайта жалғастыру туралы шешім қабылданған болуы мүмкін.

Ресей АҚШ әскерлерін Ауғанстаннан шығару ИШИМ-Х-ның күшеюіне және шетелде жедел экспансиясына алып келді деп мәлімдеуі мүмкін. Осылайша Кремль Таяу Шығыстағы ИШИМ мен басқа да лаңкестік ұйымдарға жасырын қолдау көрсетіп отыр деп тағылған айыпты жақтамақ. Сондай-ақ Мәскеу қазіргі дағдарысты Талибанмен байланысын нығайту үшін пайдаланып, Украинадағы әрекеттер үшін олардың содырларын тартып, сондай-ақ Бейжіңмен Кабулмен қарым-қатынас орнатуда бәсекелесуі мүмкін.

2016 жылдан бастап ресейлік пропаганда ИШИМ мен Әл-Каиданы АҚШ-пен байланыстыратын жалған ақпаратты белсенді түрде таратып келді. Енді Мәскеу АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңындағы «Крокус Сити Холл» концерттік залындағы терактіні пайдаланып, Вашингтондағы әкімшілікті лаңкестерді қолдады деп айыптауға тырысады.

Украинада, Орталық Африка Республикасында және Суданда жасалған барлық соғыс қылмыстарынан кейін Ресей өз халықаралық имиджін ақтап, өзін жәбірленуші ретінде көрсетпек.

«Крокус Сити Холл» концерт залында жүзден астам адамды өлтірген Тәжікстан азаматтарының ұсталуы Ресейдің Орталық Азияны радикалдандыруда «табысқа» қол жеткізгенін көрсетеді. ИШИМ қатарына жаңадан қосылғандардың басым бөлігі Ресейде жұмыс істейтін, осы өңірдегі еңбек мигранттары болып шықты. Ресейде тәжікстандық еңбек мигранттары жаппай кемсітушілікке ұшырағаны кеңінен жарияланған: олар Мәскеу еңбек нарығында қорланды, ұсталды және кемсітуге ұшырады, сонымен қатар адам саудасының кейбір айқын белгілері болды. Ресей Орталық Азиядан келген еңбек мигранттары үшін террористік ұйымдарға қосылуына алып келетін радикалдану орнына айналды. Іс жүзінде бұл Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі елдерге қатысты отарлық саясатына сәйкес келеді, яғни Мәскеу бұрынғы кеңестік республикаларды Ресейдің ықпал ету аймағында болуы керек толық емес елдер ретінде қарастырады.

Добавить комментарий