Крещение рәсімінің басталуымен дәрігерлер кейбір адамдарға аязда өзенге шомылуға кеңес бермейді. Созылмалы аурулары, жұқпалы немесе психикалық ауытқулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге осы рәсімге қатыспауы керек. Салдары қандай болатынын оқыңыз және аязда өзенге шомылар алдында дәрігерге қаралыңыз.
Сарапшы не деп отыр:
«Аязда ойықта шомылу, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар үшін белгілі бір қауіп төндіреді. Суық суға түсер алдында ықтимал асқынулардың алдын алу үшін дәрігерге қаралу керек», — деді Астанадағы ӨМ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрбергенова.
Қауіпсіз Крещение рәсімі:
2024 жылғы 18-19 қаңтарда Қазақстанда Крещение рәсімі өтеді. Азаматтар қауіпсіз жерде шомылу үшін арнайы жабдықталған орындарға барған жөн. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен жедел жәрдем рәсімге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.