Кремль қоғамдық пікірден қорқады: саясаттанушылардың пікірі

«Әлемдік қауымдастық бір жылдан аса уақыт «әлемнің екінші армиясы» ұрыс алаңында орасан зор шығынға ұшырап отырғанын көріп отыр. Әлем елдері Ресей армиясында сыбайлас жемқорлық кең тамыр жайғанын да байқады. Украинаға баса көктеп кіру шешімі елге санкциялар мен шектеулер түрінде ғана емес, Владимир Путиннің қара басына да зиян келтірді. Батыстың саясаттанушылары Ресей президенті «қаһарлы әрі сенімді көшбасшы» беделінен айырылды.

Олардың пікірінше, Мәскеу әлдеқашан Батыстың қатаң шаралары қолданылуы тиіс «қызыл сызықтан» кесіп өткен. Кремль Украинаға қару-жарақ жеткізуді ұлғайту туралы Киевтің батыс одақтастарының шешімі мен Украинаның Қырымдағы ресейлік әскери нысандарға жасаған соққыларына қатаң қарымта жауап берген жоқ.

«Ресей Федерациясының ядролық қаруды қолдану бойынша кез келген қоқан-лоқысы — олардың әлсіздігі мен қорқынышының көрінісі екені анық. Путин шарт қойып отырған жоқ. Украина қорғануға дайын, ал оның батыстық серіктестері соңына дейін көмектеседі. Мәселен, Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей-Украина соғысы аясында қазір келіссөздер жүргізетін уақыт емес, соғысу керек екенін мәлімдеді. Осыдан бір жыл бұрын әлемдік көшбасшының Мәскеудің ұстанымын елемей, осындай мәлімдеме жасайтынын елестету мүмкін емес еді», — деп жазады саяси технологиялар саласындағы мамандар.

 

Ресейліктер Путинді күшті, сенімді және жауапты президент деп есептейді. Батыс елдерінің саясаттанушыларының жазуынша, бұл Кремль пропаганда жұмысының нәтижесі.

«Қазіргі таңда Путин ресейліктердің қоғамдық пікіріне тәуелді, сондықтан ол халықтың көңілінен шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мәселен, Кремль ашық репрессиялық саясат жүргізбеуде. РФ үкіметі Мемлекеттік Дума елден қашқан ресейліктер үшін салықты 13 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасын кері қайтарып алғаны белгілі.

Бұл Ресей қоғамында наразылық тудыруы мүмкін шара, ал Путин режиміне қазір тұрақтылық қажет.

Ресми мобилизацияның жаңа легіне қатысты жағдай да осындай. Ресей билігі оны жариялауға асықпай, мүмкіндігінше көп ұзартуда. Қазір Ресейде ерікті түрде Ресей армиясының қатарына барынша көп адам тарту үшін жарнама науқаны белсенді жүріп жатыр. Кремль мобилизацияның кезекті толқыны халықтың президентке деген сенімін түбегейлі нұқсан келтіреді деп қауіптенеді», — деп жазады саясаттанушылар.

Саясаттанушылар өз тұжырымдасында Ресейдің Жеңіс күнін әдеттегіден әлдеқайда қарапайым тойлау туралы шешімі әлсіздіктің көрінісі екенін айтып отыр.

«Мәскеуде және Ресейдің басқа қалаларында Жеңіс күнін аралас форматта аталып өтетіні белгілі, биыл 9 мамырда «Мәңгілік полк» атты шеру болмайды, — деп атап өтті батыс барлау қызметі. — Кремль мұндай шеру Ресей армиясы қатарындағы жақында болған шығындары әшкерелейді деп қауіптеніп, осындай қадамға барды. Сондай-ақ Ресей билігі бірқатар ресейлік өңірлерде шерулер өткізбеу туралы шешім қабылдады».

Добавить комментарий