Украина аумағындағы соғыс қимылдарына байланысты РФ экономикалық және саяси тұрғыдан әлсіреп барады, деп есептейді батыстық сарапшылар. Олар соңғы 8 айдың ішінде Ресей әлемнен оқшауланған елге айналғанын атап өтті. «РФ-мен көптеген мемлекеттер мен түрлі корпорациялар ынтымақтасқысы келмей, өз активтерін елден шығарып жатыр.
Әсіресе, РФ үшін соңғы екі ай өте қиын болды. Украина Қарулы күштері Харьков бағытында контршабуылдарды сәтті өткізді. Херсон облысының аумағында ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Ресей әскерлері облыс орталығын тастап шықты.
Батыстық әскери сарапшылардың пікірінше, Украинаны босату — уақыттың еншісінде. Ресейде жүргізілген ішінара мобилизация, украиналық әскери сарапшылардың ойынша, соғыс барысын өзгертпейді.
Бұл ретте Ресей Киевпен келіссөздер жүргізуге дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеді. Мәселен, Сочидегі баспасөз конференциясы кезінде Путин Украинаның «бейбіт» келіссөздер жүргізгісі келмейтінін айтты. Кейінірек Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Киевпен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. РФ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да келіссөздер процесіне дайын екенін хабарлады.
«Путин мен оның айналасындағылар шындыққа көзі байлаулы сыңайлы, бірақ тіпті олардың өзі де соғыстың әр күні ондаған жылдар бойы қалыптасқан жүйені бұзып және қазіргі үкімет үшін қауіпті арттырып жатқанын жақсы түсінеді. Путин режимі соғыстан ешқандай пайда көрмейді, керісінше күн сайын шығынға батуда», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.
Саясаттану саласындағы украиналық сарапшылардың пікірінше, Кремль Ресей халқының қазіргі билік жүргізіп отырған саясатқа деген көзқарасы өзгереді деп қауіптенеді.