Красноярск өлкесінде жасөспірім бетон плитаcының астында қалды

Ресейдің Краснояр өлкесіндегі оқушы бетон плитасының астында қалып қойып, қаза тапты.

Атап айтқанда, Красноярск өлкесі Сушиновка ауылында қараусыз қалған үйдің бетон плитасы құлаған. Қайғылы оқиға салдарынан 14 жасар жасөспірім қаза тапты.

Бұл туралы 26 маусымда өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала анықталғандай, жасөспірім құрдастарымен бірге қараусыз қалған ғимаратта жүрген. Бір кезде ол бетон плитаның үсіне секіріп қалғанда, конструкция құлап кетіп, соның астында қалып қойған.

Ол басынан, дене жарақаттарын және ішкі ағза мүшелеріне ауыр зақым келіп, ертесі күні ауруханада қайтыс болды. Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты прокуратура қараусыз қалған жылжымайтын мүлікті уақытылы анықтамаған әкімшіліктің қызметіне тексеру жүргізеді.

«Қазіргі таңда ғимарат Сушиновка ауылдық кеңесінің балансында, ол 10 жылдан бері пайдаланылмай тұр. Оған бөгде адамдар үшін кіруге шектеу қойлмаған», — деп хабарлады ведомства өкілі.

Сондай-ақ,тәртіп сақшылары қаза тапқан жасөспірімнің отбасы профилактикалық есепте тұрмағанын атап өтті.

Добавить комментарий