Костенко атындағы шахтадағы жарылыс: Тергеу амалдары қызу жүріп жатыр, тергеушілер қызметкерлерден жауап алуда

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастыруда. Бас прокуратураның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев жергілікті орнындағы жұмысты үйлестіруде.

Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды. Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды.

Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде.

Бас прокуратурада кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады.

Қылмыстық іс Бас Прокурордың бақылауында. 28 қазанда АМТ Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Соққы толқынының диапазоны екі шақырымнан астам болд. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 46-сы қаза тапты.

Сондай-ақ, кәсіпорынға меншік құқығы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасының пайдасына беру рәсімі аяқталуда.

Добавить комментарий