Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының пікірі

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бәсеңсіді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният еліміздегі коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қазіргі жағдай қандай екенін айтты.

«Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қарқыны бәсеңдеді.. Тәулігіне 10-15 жағдай тіркеліп жатыр. Бұл ретте тәулігіне 15 мың ПТР-сынама зерттеліп, оның 10-15 жағдайы бойынша оң нәтиже анықталады. Бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың қанағаттанарлық деңгейде екенін көрсетеді. Шынымен де аурудың таралу қарқыны азайды. Біз ПТР-сынамаларға ғана емес, жедел жәрдем мен емханаларға жүгінгендерді бақылап отырмыз», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният.

Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда ковидтік стационарда 200-ден астам науқас, ал реанимацияда 20 адам емделіп жатыр.

Министр сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға коронавирустан қорғану үшін вакцина алуға немесе ревакцинациялауға кеңес беретінін айтты.

Добавить комментарий