Президент Владимир Путин бес сағаттық онлайн-конференция барысында коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина туралы айтты.
«Ресей Гамалея атындағы ғылыми орталығы мен Новосібір «Вектор» орталығы вакцинаны жасаған және шығара бастаған әлемдегі алғашқы ел болып табылады. Біздің вакцинамыз сапалы: қауіпсіз әрі тиімді әсері етеді — 95 пайыздан астам, 96-97 пайыздық қорғау деңгейін құрайды», — деді мамандар.
Путин коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ынтымақтастықтың жақсы нәтижесіне сенімді.
Сондай-ақ, Путин коронавирусқа қарсы екпе алмағанын, бірақ сәті түссе екпе жасататынын айтты.
Путин коронавирусқа қарсы жалпы вакциналау қажеттігіне сенімді екенін айтты. Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның қажетті мөлшерін өндіретін құрал-жабдықтар әзірге жеткіліксіз, деді РФ президенті.