Коронавирустан бес миллионнан астам адам қайтыс болды

Зерттеушілердің мәліметінше, әлемде коронавирустан 5 млн-нан астам адам қайтыс болды.

Балтимордағы Джон Хопкинс университеті жанындағы Жүйелік зерттеулер мен инжиниринг орталығы 1 қарашадағы жағдай бойынша әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған 246 миллион 811 мың жағдайы тіркелген.

Мұны төмендегі деректер растайды.

Індетке шалдыққандардың ең көп саны АҚШ-та тіркелді — 45 млн 971 мың. Одан кейін Үндістан — 34 млн. 285 мың, Бразилия — 21 млн. 810 мың, Ұлыбритания — 9 млн. 100 мың, Ресей — 7 млн. 417 мың, Түркия — 8 млн. 32 мың, Франция — 7 млн. 268 мың.

Әлем бойынша коронавирустан 5 001 817 адам қайтыс болды. АҚШ-та осы індеттен — 745 мың, Бразилияда — 607 мың, Үндістанда — 458 мың, Мексикада — 288 мың, Ресейде — 235 мың адам мерт болды.

Бүгінгі таңда Қырғызстанда COVID-19 жұқтырудың 181 387 жағдайы тіркелді, 2 672 адам қайтыс болды.

Добавить комментарий