ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда өткен аптада коронавирустан 64 адам қайтыс болды. Бір апта ішінде COVID-19-дан қайтыс болғандардың үштен бірі — алматылықтар. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Хабарланғандай, ️25 және 31 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 64 адам қайтыс болды:
◾️ Алматы қаласында — 23;
◾️ Павлодар облысында — 8;
◾️ Алматы облысында — 6;
◾️ Қарағанды облысында — 6;
◾️ Нұр Сұлтан қаласында — 4;
◾️ Шымкент қаласында — 4;
◾️ Ақмола облысында — 3;
◾️ Шығыс Қазақстан облысында — 2;
◾️ Батыс Қазақстан облысында — 2;
◾️ Қостанай облысында — 2;
◾️ Атырау облысында — 1;
◾️ Жамбыл облысында — 1;
◾️ Маңғыстау облысында — 1;
◾️ Қызылорда облысында — 1.
Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 2 540 өлім-жітім жағдайы тіркелді.
Бұған дейін, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1186 жаңа жағдайы тіркелгені хабарланған болатын.