Коронавирус жұқтырған 231 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгін, 2021 жылғы 12 наурызда коронавирусты инфекция жұқытрған 231 науқастың жағдайы ауыр.

Сондай-ақ, 12 наурызда Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 18 558 адам (114 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) ем қабылдап жатыр, оның ішінде 4 713 науқас стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 653 адам коронавирустан емделіп шыққан. КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында: ауыр жағдайда — 231 науқас, аса ауыр жағдайда — 47 науқас; ӨЖЖ аппаратында — 45 науқас жатыр.

Добавить комментарий