Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация қауіпті ме, препараттың қандай жанама әсері бар екені туралы айтты. Атап айтқанда, әрбір вакцина барлық жанама әсерлерді сипаттайтын нұсқаулықпен қатар жүреді.
Кез келген вакциналарды енгізуде адам организмі иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа уақытқа көтерілуі, вакцинаны енгізу орнында ісіну және қызару сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап өткен жөн.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аллергиялық көріністер туралы сұраққа медицина қызметкері кез келген вакцинаны салмас бұрын алдында екпе алатын адамға сынама дозаны енгізу арқылы аллергияның бар-жоғын анықтайтынын айтты.
Егер ауыр аллергиялық ауру болған жағдайда адамға екпе салу медициналық тұрғыдан бас тарту беріледі. Бұл ретте аллергиялық реакцияны алдын ала болжау мүмкін емес, өйткені әрбір организм әр-түрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қазақстанда Ресейдегідей вакцина алған адамдарға күнделікті телефон арқылы хабарласама деген сұраққа шенеуніктер барлық вакцина салдырған барлық адамдар алғашқы 30 минут дәрігердің бақылауында болады деп жауап берді. Одан кейін келесі 3 күн бойы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсерлер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.