ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан қанша науқас анықталғанын хабарлады.
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 139 адам анықталды. Бір тәулік бұрын 123 жаңа науқас тіркелген.
25 қарашадағы мәлімет бойынша, 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Анықтама үшін! Қытайда COVID-19 жұқтырудың 31 444 жағдайы тіркелді, бұл сәуір айында Шанхайда екі айға созылған жалпы қалалық оқшаулау енгізілген тіркелген көрсеткіштен асып түсті.