Король Карл III: Ұлыбритания Франциямен достық қарым-қатынасты жандандыруға ұмтылуда

Ұлыбритания королі Карл III Францияға үш күндік сапармен келді, ол наурыз айында келу керек болған, алайда зейнетақы реформасына қарсы Францияда болған наразылықтарға байланысты оның сапары кейінге шегерілді. Өзінің сапары барысында ол Ұлыбритания мен Франция арасындағы достық қарым-қатынасты жандандыруға және нығайтуға ұмтылысын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастар жылы болмағанын атап өтті.

Франция Президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Версаль сарайында ұйымдастырылған салтанатты кешкі ас кезінде Король Карл III француз тілінде қатысушыларға үндеу жасады. Ол екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, былай деп мәлімдеді: «Президент мырза, Сіз әрбір жаңа ұрпақпен жаңарып,жалғасатын достығымызға сенім артсаңыз болады».

Король Карл III пен оның әйелі Камилла Францияда бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарлауда. Бейсенбі күні король Сенатта сөз сөйлеп, президент Макронмен келіссөздер жүргізеді, артынан Нотр-Дамға барып, соборды қалпына келтіру жұмыстарын көреді деп күтілуде.

Бұл оның жаңа британ монархы ретінде Францияға алғашқы сапар болып отыр, ал оның анасы, патшайым II Елизавета Бесінші Республикаға 5 мәрте келген. Осы уақыт ішінде Францияның 7 президент ауысты, король III Карл Ұлыбритания мен Франция арасындағы көптен күткен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылуда.

Добавить комментарий