Қазақстан Президенті еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты референдум өткізу күні белгіленгенін мәлімдеді. Конституциялық референдумға бір сауал шығарылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес қаулы етемін», — делінген жарлықта.
Сондай-ақ, конституциялық референдумға бір сауал шығарылады. Құжатқа сәйкес, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.