Сенат депутаттары Қазақстанның Конституциялық сотының үш судьясының кандидатурасын бекітті.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын өз бетінше қызметке тағайындайтынын атап өтті. Ал кандидатураларды палата төрағасы ұсынады.
«Осы орайда Конституциялық Соттың судьялары қызметіне Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы, Ескендіров Асан Қайруллович, Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызының кандидатураларын ұсынамын», — деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сенат депутаттары судьялардың кандидатураларын қолдады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Азимованы Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.