Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Конституциялық сот төрағасының орынбасарын тағайындады.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов ҚР ҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің Қылмыстық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2003-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінде заң бөлімнің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің талдау жұмысы секторының меңгерушісі және Төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2011 жылы ол Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2008 — 2017 жылдары Еуропа Кеңесінің, Венеция комиссиясының құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның байланыстар жөніндегі офицері болды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып жұмыс істейді.