Жамбыл блысында абақтыда жазасын өтеп жүргендердің бірі колониясының қызметкерлеріне шабуыл жасады, зардап шеккендерге ота жасалып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске салайық! Оқиға салдарынан Жамбыл облысындағы колонияның үш қызметкері ауруханаға жатқызылды.
«Қазіргі уақытта зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Оларды шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем қызметі ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оларға шұғыл ота жасады. Қазір барлығының жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, — деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Еске салайық! 1 тамызда таңғы тексеріс кезінде тұтқын колонияның үш қызметкеріне шабуыл жасап, қолдан жасалған ұстарамен жарақаттаған. Сотталушы тәртіптік изоляторға оқшауланды.
Аталған дерек Тараз ПД-ға ҚР ҚК 429-бабы 4-бөлігі ( Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне көрсеткен жәрдемі үшін кек алу мақсатында қол сұғу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бап бойынша сотталған адам 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.