Коллекциялық монеталар сататын интернет-дүкеннің жұмысы қайта жанданды

Қазақстан Ұлттық банкі коллекциялық монеталар сататын интернет-дүкеннің жұмысы қайта жанданғанын хабарлады.

2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Барыс жылы» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарды.

«Номиналы 500 теңгелік күміс монеталар интернет-дүкен арқылы коллекциялық құны бойынша сатылады. Интернет-дүкеннің қолданыстағы нұсқасы жұмыс күндері жұмыс істейді», — деп хабарлады ҚР ҰБ.

Добавить комментарий