Кісі өлтіргені үшін сотталған адам мектеп директоры болды

Павлодарда кезінде кісі өлтіргені үшін сотты болған адам мектеп директоры болды.

«Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы ЖОББ директоры Дүйсенов бұған дейін ҚазКСР ҚК 93-бабы — жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу бойынша сотталған», — деп хабарлады сәрсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы Ардақ Балғожин.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, соның ішінде білім беру саласында да сыртқы талдау жүргізіп, нәтижесінде бұрын заңға қайшы әрекет жасаған 14 адамды анықтағанын айтты.

«Сегіз директор, үш бухгалтер және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырумен айналысатын тағы үш тұлға», — деп нақтылады спикер.

Аталған 14 адамның ішінде қылмыстық жауапкершілікке, ал алтауы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

«Тереңкөл ауданы Қызылтаң мектебінің директоры бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған», — деп нақтылады Балғожин.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» хабарлағандай, Павлодар облысының білім басқармасына бұрын қылмыстық жауакершілікке тартылған екі директорды да жұмыстан шығаруды ұсынды.

Добавить комментарий