Кипр: Ресей ғылым және мәдениет орталығындағы шыққан өрт сөндірілді

Ресей Федерациясының Кипрдегі елшілігінің хабарлауынша, Никосиядағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының ғимаратында шыққан өрт сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде Ресей орталығы орналасқан ғимаратты қызыл жалын шарпығаны хабарлаған болатын.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, өрттің шығуына тұтандырғыш қоспасы бар бөтелкенің тасталуынан туындауы мүмкін.

Добавить комментарий