Үкімет Алматы қаласының Бас жоспарын бекітті

Үкімет осыдан 20 жыл бұрын бекітілген алдыңғы жоспарды алмастыратын Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын мақұлдады.

Жаңа құжатты «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты, «Алматыгипрогор-1» жобалау институты сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып әзірледі.

Бұл қаланың дамуындағы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды. Модельдеу құралдары қала дамуының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың мобилділікке, жер құнына және адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.

Алдыңғы бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы мақұлданды және қала қажеттіліктерінің өсуін ескермеді. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі еседен астамға өсті – 33898 гектардан 70348 гектарға дейін, халық саны 2,1 млн адамға дейін артты. Қала агломерацияның орталығына айналды, оның экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне теріс әсер етті.

Жаңа бас жоспар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасымен және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен тығыз байланысты және оның жеті негізгі қағидатына негізделген: жайлы қалалық орта, орнықты экономикалық өсу, басқарылатын урбандалу, әлеуметтік тұрақтылық, цифрландыру, қауіпсіздік және Алматының «жасыл қала» атағын қайтару.

Добавить комментарий