Биыл ақпан айында Ақтөбе облысы әкімдігі мәдениет басқармасының 47 жастағы бас маманы жұмысқа кетіп, қайтып оралмады. Оның денесі 2 күннен кейін көлік салонынан табылды. Полиция күдікті 29 жастағы ер адамның ізіне түсіп, оны тұтқындады.
Бастапқыда сотталушы жай ғана кісі өлтірді деп айыпталған, алайда сот аса қатыгездікпен өлтіргенін ескермеген. Алайда жәбірленушінің туыстары сот үкімімен келіспей, апелляция түсірді. Істің айғақтары мұқият зерттелгеннен кейін сот алқасы сотталушының іс-әрекеттері шын мәнінде қатыгездікке саяды деген қорытындыға келді.
Сот кісі өлтіру аса қатігездікпен жасалды деген үкім шығарды. Енді ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің отбасына моральдық залал келтірілген үшін 8 млн теңге көлемінде өтемақы алды.
Бұл қайғылы оқиға әділ сот төрелігінің маңыздылығын және қоғамдағы әрбір адамға қауіпсіздігі қорғалатынына кепілдік барын көрсетеді. Аппеляциялық үкім заңды күшіне енді, қаскүнем қатігездікпен жасаған қылмысы үшін лайықты жазаға тартылады.