Киевтің батыс әріптестері Украина армиясына қару-жарақ беру қарқынын арттырды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-46858-1674489269-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Соңғы уақытта Украинаның батыс одақтастары әскери көмек бағдарламаларын жандандырғанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Мәселен, Ақ үй Украинаға әскери көмектің жаңа рекордтық пакетін бөлетінін жариялады. Әскери көмек сомасы 2,5 миллиард доллар.

Өз кезегінде Польша билігі Украинаға Leopard 2 танктерін беруге шешім қабылдады. Әрине, танктердің ротасы соғыс алаңындағы жағдайға әсер етпес, дегенмен, маңызды символикалық қадам жасалды — Украинаның қару-жарағында батыстық танктер пайда болады. Польшаның шешімі басқа елдерге Киевке ауыр қару-жарақты, оның ішінде танктерді белсенді беруге үлгі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Эстония үкіметі Украинаға 113 миллион еуро көлемінде әскери көмек көрсету туралы шешім қабылдады, бұл Эстония көрсеткен ең ірі әскери көмек пакеті болып табылады.

Батыстың әріптестері Украина армиясын қару-жарақпен жабдықтау қарқындылығы артқанын хабарлады

Ұлыбритания Украинаға 14 Challenger 2 танкісін, оған қоса 200-ден астам броньды техникасын жібереді, ал Канада Украинаға қосымша 200 БТР Senator көлігін береді. Швеция Премьер-министрі Ульф Кристеррсон Украинаға Archer өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды, 50 бірлік Stridsfordon 90 БМП көлігін, сондай-ақ танкіге қарсы зымырандарды беруді жоспарлап отырғанын жариялады.

Әскери сарапшылар мен саясаттанушылар Украинаның одақтастары неліктен Киевке көмекті арттыру туралы шешім қабылдағанынын деп түсіндіреді. Олардың пікірінше:

  1. Украинаның барлық одақтастары үшін ақыры соңында екі ақиқаттың беті ашылды. Біріншіден, соғыс ұзаққа созылады, екіншіден — Киев соғыста жеңіске жете алады. Бұл енді алдағы болашақты ойлап, алдын ала жоспар керек екенін білдіреді. Осылайша, ұзақмерзімді перспективада Украина армиясына қаржы салу керек — техникаға қызмет көрсету үшін инфрақұрылым салуға, мамандарды даярлауға және т.б.
  2. Әрбір саясаткер өзіне жағымды имидж қалыптастырғысы келеді, ал жағдай жақсы дамитын болса «үлкен жеңістерді» өз еншісіне жазғысы келеді. Егер Украина соғыста жеңіске жетсе, онда оған қолдау көрсеткен кез келген саясаткер Киевке Ресейге қарсы қақтығыса көмектескенін мақтана мәлімдейді.
  3. 3. Киевтің одақтастары бұл қанды соғысқа көп көмектесті, сондықтан олар үшін жеңіс өте маңызды. АҚШ пен Еуропада қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаруды қолға алды. Батыс әлемі Ресейдің нағыз бет-келбетін білді және қазіргі жағдайда соғыстың қандай екенін көріп, милитаризация бағытына бет алды.

Батыстың әріптестері Украина армиясын қару-жарақпен жабдықтау қарқындылығы артқанын хабарлады

  1. Ресей әлсіреп келеді. Кремль соғыс қимылдарын қысқа уақытта аяқтағысы келген. Сондықтан снарядтарды күн сайын көп мөлшерде атқылаған. Түрлі сарапшылардың бағалауынша, Ресей армиясы күн сайын мыңдаған снаряд ұшырған. Бүгінгі таңда Ресей армиясында әскери құрал-жабдықтар ғана емес, артиллериялық оқ-дәрілер мен зымырандар да тапшы. Мәселен, түрлі деректер бойынша Ресей соғыс алаңының белгілі бір учаскелерінде артиллериямен атқылауды 75 пайызға қысқартты. Қазір ресурстары көп тарап соғыста жеңіске жетеді. Сондықтан да Украинаның одақтастары қару-жарақ жеткізуді арттыруда.

  2. Батыс Путин бейбіт келіссөздерге дайын емес деп есептейді, керісінше ол соғысты ұзаққа созу үшін әртүрлі шаралар қабылдап жатыр. Бұл мобилизация және ел экономикасын «әскери жағдайға» көшіру және т.б. Демек, соғыс әлі де жалғасады деген сөз».

Добавить комментарий