Германия өкілі Украина әрқашан ГФР-дан кез келген көмек сұрап жүгіне алады деп мәлімдеді.
ГФР Сыртқы істер министрі Анналена Бербок және Украина президенті Владимир Зеленский Киевте кездесті. Олардың кездесу сәтінде түсірілген суретті Германияның сыртқы саясат ведомствосы сейсенбі күні Twitter-де жариялады.
«Украина біздің қолдауымызға сенім арта алады — тек әскери тұрғыда ғана емес және тек бүгін ғана емес», — деп мәлімдеді министр кездесу барысында.
Бұған дейін ол украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен келіссөздер жүргізген болатын.
Бербок 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін Украинаға келген ГФР үкіметінің бірінші өкілі.