Киев мектептері қашықтықтан оқытуға ауыстырылды

Киев облысында мектеп оқушылары қашықтықтан оқиды. Бұл зымыран шабуылына байланысты, деп хабарлады Киев облыстық әскери әкімшілігі.

«Қауіпсіздікке төнген қаіпке және 8-9 наурызға қараған түні болған жаппай зымыран соққысына байланысты осындай шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Қашықтықтан оқытуға ауысу туралы ұсыныс кез келген меншік нысанындағы барлық оқу орындарына қатысты.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекші топтар режимінде жұмыс істеу ұсынылды.

Еске сала кетейік! Ресей армиясы Украинаға жаппай зымыран шабуылын жасады.

Добавить комментарий