Киев маңында жарылғыш заттар заңсыз өндірілген

Украина астанасының маңында арнаулы қызметтің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында жарылғыш заттарды заңсыз өндірген цехты анықтады.

Тәркіленген заттардың арасында тротил жарылғыш заты, сондай-ақ глушительдері бар атыс қарулары болды.

Украинаның қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) «Киев облысында тергеу іс-қимылдары барысында жарылғыш заттарын шығаратын жасырын цех әшкереленді. Оның арасында тротил жарылғыш заты, глушительдері бар атыс қарулары болды», — делінген хабарламада. Атап айтқанда, тротил мен басқа да жарылғыш заттар және глушительдері бар он шақты атыс қаруынан бөлек, Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері жауынгерлік гранаталарды, шамамен 2 мың әр түрлі калибрлі патрондар, қару-жарақ жинақтаушы, станоктар мен басқа да жабдықтарды анықтады.

Арнаулы қызмет тәркіленген заттардың теракті жасау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

Жасырын цехты бұрын қолдан жасалған жарылғыш заттарды жасағаны үшін сотты болған жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, ол дайын өнімді таныстары арқылы қылмыстық топтарға сатуды жоспарлаған», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қарумен, жауынгерлік керек-жарақтармен және жарылғыш заттармен заңсыз жұмыс істеу туралы қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті тұрғынға айып тағылып, бұлтартпау шарасын таңдау жоспарлануда. Бұдан бөлек, ҰҚҚ «Украинаның мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға қатысы бар» басқа да тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Добавить комментарий